В Жаркаинском районе состоялось совместное заседание постоянных комиссий районного маслихата и Общественного совета

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Державин қаласында Жарқайың аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары мен аудандық Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті.

Отырыс ашық форматта өтіп, аудандық мәслихаттың Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Отырыс жұмысына аудан әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат депутаты, аудандық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, «Аmanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы, қала, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе — Жарқайың ауданының 2025 жылға арналған аудандық бюджетінің, Державин қаласы, ауылдық округтер мен ауылдар бюджеттерінің атқарылуын қарау болды.

Жиында аудандық бөлімдердің басшылары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, сондай-ақ қала, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері баяндама жасады. Отырыста экономика және қаржы, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жер қатынастары, мәдениет, сәулет және құрылыс, ішкі саясат, дене шынықтыру және спорт салалары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметі бойынша есептер тыңдалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1224366?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version