«Заң мен тәртіп»: Астанада ауқымды профилактикалық акция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған ауқымды профилактикалық акция өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Астана – есірткісіз қала» ұранымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Акцияны Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындар, әсіресе, жастар арасында есірткіге қарсы теріс көзқарас қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамның қауіпсіздігі мен болашағы үшін жауапкершілікті арттыру.
«Біз Астанада есірткіге қарсы күрес бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп келеміз. Басты бағыттардың бірі – профилактика. Оқу жылы барысында 700-ден астам дәріс, спорттық және түсіндіру іс-шаралары өткізілді. Қазір балалар жазғы демалысқа шыққандықтан, олармен профилактикалық жұмыстарды жалғастырып жатырмыз.
«Заң мен тәртіп» қағидаты бәріне ортақ. Сондықтан жастарды тәртіп сақтауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырамыз. Бүгінгі акция аясында флешмоб ұйымдастырылып, кейін қатысушылар сенбілікке шығып, тұрғындарға ақпараттық буклеттер таратады. Бұл — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды бастама», – деді Астана қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Әлия Қибатқызы.

Акцияға елордадан шамамен 300 ерікті қатысты. Сондай-ақ Астана қаласы Полиция департаменті жанындағы есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері де жұмылдырылды.
Іс-шараға қатысушылар «Астана – есірткісіз қала» деген ұранмен флешмоб ұйымдастырды. Сонымен қатар акция аясында саябақта экологиялық сенбілік өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1224796?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version