«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында, сондай-ақ Қарағанды облысы жобалық кеңсесінің үйлестіруімен Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясы базасында «Құқықтық тәртіп, заңдылық және патриотизм: ұлттық және халықаралық тәжірибе» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Е.Ж.Калиаскаров департамент қызметкерлері, сондай-ақ академия тыңдаушылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ғылыми қауымдастық пен халықаралық сарапшылар қатысты.

Конференция барысында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру, патриоттық құндылықтарды қалыптастыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен заң талаптарын сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекеттік органдар мен жастардың «Заң және Тәртіп» қағидаттарын ілгерілетудегі рөліне ерекше назар аударылды.

Академия тыңдаушылары үшін конференция білім алмасуға, кәсіби дамуға және жоғары азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.

Мұндай іс-шаралар ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға, кәсіби диалогты дамытуға және заңдылық, патриотизм мен қоғам алдындағы жауапкершілік құндылықтарын дәріптеуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-karaganda/press/news/details/1223965?lang=ru

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version