«ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласында Заң мен тәртіп қағидаты аясында «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында кездесу өтті. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жиында жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында спикерлер жастарға қоғамдағы тәртіп пен заңның маңызын түсіндіріп, нақты мысалдар арқылы құқықтық жауапкершілік туралы айтты.

Спикерлердің бірі – қалалық Еңбекші ауданының бөлім аға прокуроры Алма Сатқанбаева студент жастарға заңға бағынып, құқықтық тәртіпті сақтау керектігін жеткізді. Ол жастар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылықтарға тоқталып, кей жағдайда жәй ғана итеріп жіберудің өзі әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке алып келуі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ, өзін-өзі қорғау жағдайындағы әрекеттің де заң аясында бағаланатынын түсіндірді.

Кездесу барысында спикерлер қаламызда орын алып жатқан оқиғалар бойынша нақты мысалдар келтіріп, жастарды жеңіл табысқа алданып қалмауға шақырды. Дропперлік мәселесіне де ерекше тоқталды. Бөгде адамдардың банк карталарын пайдалану немесе заңсыз қаржы айналымына қатысу ауыр қылмыс болып саналатыны ескертілді. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1224746?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version