Зейнеткерлік демалысқа шығу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Бибигүл Сериковна!!

Сізді зейнеткерлік демалысқа шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

                                                              

Ұзақ жылдар бойы атқарған жемісті еңбегіңіз, жоғары кәсібилігіңіз, парасатты басшылығыңыз бен адамгершілік қасиеттеріңіз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз.

 

Алдағы өміріңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, бақ-береке және шаттық тілейміз. Зейнеттің қызығын көріп, немере-шөберенің қуанышына бөленіп, әр күніңіз қуаныш пен тыныштыққа толы болсын!

 

Иманкулова  1987 жылы Көкшетау қалалық перзетқанада болып еңбек жолын бастаған. 1988 жылы Ленинград болып жұмыс атқарды. 1993 жылы Көкшетау қаласының қалалық перзентхана орталығында, әйелдер кеңесі  орталығының акушер-гинекологы болып қызмет жасады. 2005 жылдан бастап Ақмола облыстық медкөмек ақы төлеу Комитеті департаментінің бас маманы болып қызмет атқарды. 2013 жылдан бастап Ақмола облысы  денсаулық сақтау басқармасы ана және бала денсаулық сақтау бойынша басшысының орынбасары. 2017 жылдан бастап  ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Ақмола облысының  Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары.                2019 жылдан Ақмола облысы бойынша ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті  тауарлар  мен  көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының  орынбасары. 2020 жылдан бастап ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы болып еңбек етті.

 

Ізгі тілекпен,

“ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті” РММ ұжымы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1223756?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version