Зеренді ауылында тағы алты отбасы жаңа пәтер кілтін алды
Зеренді ауылында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бүгін Ілиясов көшесі, 55 мекенжайындағы жаңа көпқабатты тұрғын үйден алты отбасы жаңа пәтер кілттерін алды.
Жаңа қоныс иелері:
Некрасова Татьяна Викторовна
Бунина Жанна Кенжебековна
Исаканова Мадина Канатовна
Касимова Гульназ
Жамышева Алия Ботановна
Русак Ксения Николаевна
Тұрғын үй әлеуметтік осал санаттағы және тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға заңнамаға сәйкес кезең-кезеңімен бөлінуде.
Осылайша, Ілиясов көшесі, 55 үй бойынша пәтерлерді табыстау жұмыстары жалғасып, берілген пәтерлер саны 50-ге жетті. Бұған дейін су тасқынынан зардап шеккен Мусина көшесіндегі тұрғындарға 9 пәтер табысталған болатын.
Ауыл тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1223972?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау