№70 мекемеде Ақтөбе облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Тимур Жакеевтің қатысуымен бекітілген жоспарға сәйкес жоспарлы аралау жұмыстары жүргізілді. Сапар барысында сотталғандардың ұсталуы жағдайлары жан-жақты тексеріліп, мекеменің негізгі нысандары мен қызмет бағыттарының жұмысы таныстырылды.
Аралау кезінде өкіл тұрғынжай орындарын, асхананы, медициналық бөлімшені, монша-жуу кешенін, тәрбие және өндірістік аймақтарды, сондай-ақ мекеменің өзге де қызмет көрсету бөлімдерін аралап көрді. Санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, тұрмыстық жағдай, азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейі және медициналық қызмет көрсету сапасына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар сотталғандардың құқықтарының сақталуы, олардың еңбекке тартылуы, тәртіптік талаптардың орындалуы, әлеуметтік және құқықтық көмектің көрсетілуі мәселелері қарастырылды. Аралау барысында сотталғандармен жеке кездесулер ұйымдастырылып, олардың ұсыныс-пікірлері, өтініштері мен сұрақтары тыңдалды. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кейбір өтініштер бақылауға алынды.
Іс-шара қорытындысы бойынша мұндай жоспарлы аралаулар сотталғандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге, мекеме қызметінің ашықтығын арттыруға және туындауы мүмкін мәселелерге жедел ден қоюға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1224051?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау