Жаңа Конституция жобасы – еліміздегі дене шынықтыру мен спорт саласының дамуына тың серпін беретін маңызды қадам

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты мекемелердің қатысуымен өткен жиын барысында Жаңа Конституция жобасының мүмкіндіктері кеңінен түсіндіріліп, спорт саласын дамытудағы рөлі жан-жақты талқыланды. Кездесуде Ата заңдағы білім, ғылым, цифрландыру және адами капиталды дамытуға қатысты бастамалардың дене шынықтыру мен спорт жүйесіне беретін жаңа мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Ата заңда білім, ғылым және адами капиталды дамытуға басымдық берілуі спорт саласының да жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашады. Енді спортшыларды даярлау тек физикалық дайындықпен шектелмей, ғылыми-әдістемелік тәсілдерге, заманауи технологияларға, спорт медицинасы мен цифрлық шешімдерге негізделген кешенді жүйе ретінде дамиды.

Осы орайда ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин жаңа конституциялық бастамалардың спорт саласына беретін мүмкіндіктеріне тоқталды:

«Бүгінде спорт саласының дамуы тек инфрақұрылыммен немесе жарыс нәтижелерімен ғана өлшенбейді. Жаңа Конституция жобасында көрсетілген ғылым, білім және цифрландыру бағыттары спортшыларды даярлаудың сапасын арттыруға, басқару жүйесін жетілдіруге және халықаралық талаптарға сай заманауи спорт экожүйесін қалыптастыруға негіз болады. Бұл – ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуға бағытталған маңызды қадам», – деді комитет төрағасы.

Сонымен қатар құқық үстемдігі мен ашықтық қағидаттары спорт саласында әділ әрі тұрақты орта қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл басқару жүйесінің тиімділігін арттырып, мемлекеттік ресурстардың мақсатты жұмсалуына және адал бәсекелестіктің дамуына жол ашады.

Конституциядағы цифрландыру бағыты спорт саласына да тікелей әсер етіп, цифрлық платформалар мен заманауи сервистерді дамытуға құқықтық негіз қалыптастырады.

Жалпы алғанда, конституциялық реформалар спорт инфрақұрылымын жүйелі дамытуға, спортшыларды даярлау сапасын арттыруға және дене шынықтыру мен спортты ұзақ мерзімді мемлекеттік саясат деңгейінде жаңа кезеңге көтеруге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1223837?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version