Жетісу облысы Полиция департаменті қызметінің қорытындылары шығарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы Полиция департаменті бастығы Сарқытбай Құсаиновтың төрағалығымен жедел кеңес өтіп, оған бастықтың орынбасарлары, басқарма басшылары, сондай-ақ аудандық және қалалық полиция бөлімдерінің басшылары қатысты.

Кеңес барысында қызметтік жұмыстың қорытындылары шығарылып, халықпен өзара іс-қимылды күшейту, жеке құрамға бақылауды арттыру және цифрлық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың тапсырмалары жеткізілді.

Жетісу облысы полициясының жұмысында оң нәтижелер атап өтілді. Жалпы құқық бұзушылықтар саны 16,1%-ға, қылмыстар 15%-ға төмендеп, қылмыстарды ашу көрсеткіші 83,2%-ға жетті. 23 жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп, Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін тарта отырып патрульдеу жұмыстары күшейтілді.

Профилактика мен цифрлық технологияларды қолданудың арқасында 30 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Өңірде 519 бейнебақылау камерасы мен «Ekin Patrol» кешендері пайдаланылуда. Жол-көлік оқиғаларының саны 20,9%-ға төмендеп, интернет-алаяқтықтарды ашу көрсеткіші 61,8%-ға өсті. Сонымен қатар, 500-ге жуық қауіпті сайт бұғатталып, екі есірткі зертханасының қызметі тоқтатылып, 97 келіден астам есірткі тәркіленді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикаға ерекше назар аударылуда — 550 рейд пен оқу орындарында 498 дәріс өткізілді. Сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында малдарға арналған жарық шағылыстыратын таспалар енгізілуде.

— Полицияның басты міндеті — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халық сенімін нығайту және жергілікті жерлердегі жұмыстың тиімділігін арттыру, — деп атап өтті Сарқытбай Құсаинов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1223606?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version