Жетісуда полицейлер пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге қарсы күресті күшейтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Жыл басынан бері Жетісу облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері инертті материалдарды заңсыз өндіру және тасымалдаудың 30 дерегін анықтап, жолын кесті.

     Полицейлер өңір аумағында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, жүк автокөліктерін тексеруде. Нәтижесінде құм, қиыршық тас және өзге де инертті материалдарды тиісті рұқсат құжаттарынсыз заңсыз өндіру мен тасымалдау фактілері анықталуда.

     Мамандардың айтуынша, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. Мұндай әрекеттер экожүйенің бұзылуына, жердің тозуына және табиғи тепе-теңдіктің өзгеруіне әсер етеді. Осыған байланысты бұл бағыт Жетісу облысы полиция департаментінің ерекше бақылауында.

     Әрбір анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдануда. Табиғатты қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

     Полиция азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға және пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру деректері белгілі болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1224078?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version