2026 жылғы 19 мамырда Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының Солтүстік Қазақстан филиалымен бірлесіп, Екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен жиһаз саласының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Кәсіпкерлерге «Іскер аймақ» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары, «Даму» Қорын қолдау құралдары және жобаларды қарау кезінде қаржы институттарының талаптары түсіндірілді.
Мемлекеттік органдар, қаржы институттары мен бизнес-қоғамдастық арасындағы ашық диалогтың осындай форматы жалғастырылатын болады. Алдағы уақытта өңірдің өңдеу өнеркәсібінің басқа салаларының өкілдерімен бірқатар салалық кездесулер өткізу жоспарлануда.
Мұндай іс-шараларды өткізу кәсіпкерлермен өзара іс-қимылды күшейтуге, мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға және облыстың өндірістік секторын дамытуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker/press/news/details/1223598?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау