Жол қауіпсіздігі — әр азаматтың жауапкершілігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Күн сайын жол-көлік оқиғалары тіркелуде. Көп жағдайда апаттарға себеп — жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы, асығыстық пен немқұрайлылық.

Балаға дұрыс үлгі көрсету керек. Жолды тек арнайы белгіленген жерден және бағдаршамның рұқсат берген түсінде өту қажет. Себебі балалар үлкендердің іс-әрекетін қайталайды.

Соңғы уақытта электрлі самокаттардың қатысуымен болатын оқиғалар да жиілеп барады. Осыған байланысты мамандар жасөспірімдер мен ересектерді жолда барынша сақ болуға шақырады. Қозғалыс кезінде жан-жағына мұқият қарап, өзге жол қозғалысына қатысушыларға кедергі келтірмей, қауіпсіздік талаптарын сақтау маңызды.

Сонымен қатар көлік қозғалысы кезінде түрлі «тренд» видеолар түсіру де қауіпті. Көлік терезесінен басын немесе денесін шығаруға, есікке немесе терезеге отыруға болмайды. Мұндай әрекеттер қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Көлік — ойын немесе қауіпті әрекетке арналған құрал емес, ең алдымен адам өмірінің қауіпсіздігіне жауап беретін қозғалыс құралы.

Құрметті азаматтар, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, өз өмірлеріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамауларыңызды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1224533?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version