2026 жылдан бастап салық есептілігін қабылдау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда салық салудың барлық негізгі аспектілеріне — салық мөлшерлемелерінен бастап салықтық әкімшілендіру және салық есептілігін ұсыну тәртібіне дейін әсер ететін жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді.

Осы өзгерістердің мақсаты – қызмет көрсету моделіне көшу, бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылын цифрландыру, салық міндеттемелерін әкімшілендіруді жеңілдету, ашықтықты арттыру, сондай-ақ шағын және микробизнесті қолдау.

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне сәйкес салық есептілігінде не өзгерді?

1. Есептілік саны қысқарды

Салық есептілігінің нысандары 30%-ға қысқартылып, бұрынғы 39 СЕН орнына 28 нысан ғана қалды. Бұл дегеніміз: құжаттар мен нысандар азайды;
қайталанатын ақпарат қысқарды; қандай есепті қашан тапсыру керектігін түсіну жеңілдеді.

Қазіргі уақытта келесі нысандардың күші жойылды: 911.00, 912.00, 913.00 нысандары (патент, тіркелген шегерім және бөлшек салық негізіндегі арнаулы салық режимдерінің жойылуына байланысты); 101.01 нысаны (автоматтандыру); 180.00 нысаны (100.00 нысанына қосымша ретінде); 240.00 нысаны (270.00 нысанының құрамына енгізіледі); 421.00 нысаны (400.00 нысанына қосымша ретінде); 540.00 нысаны (150.00 нысанына қосымша ретінде); 560.00 және 570.00 нысандары (590.00 нысанына қосымша ретінде); 701.00 нысаны (автоматтандыру).

Бұл шара кәсіпкерлік субъектілеріне және салық төлеушілерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған. Әсіресе, есепті өз бетінше жүргізетін жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес үшін бұл өте маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1225598?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version