2026 жылғы 20 мамырда Ұлытау облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Г. Рахымжанова «Заң мен тәртіп» қағидатын түсіндіру және ілгерілету, сондай-ақ құқықтық кабинеттердің қызметін жандандыру жөніндегі жұмыс аясында Малшыбай ауылында болды.
Сапар барысында ол жергілікті әкімдікте орналасқан «Құқықтық кабинеттердің» қызметімен танысты. Сонымен қатар, «Әділет» және «Заң» құқықтық деректер базаларының, мемлекеттік порталдардың қолжетімділігі тексеріліп, мамандар үшін оқыту семинары өткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1225288?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау