«Адал Азамат» бағдарламасы аясында Жоғары аудиторлық палатада студенттермен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасында «Адал Азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде жастардың қатысуымен Ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараның мақсаты жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру, патриоттық құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ студенттерді Жоғары аудиторлық палата қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру болды.

Іс-шараға Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің студенттері қатысты. Кездесу барысында Жоғары аудиторлық палата қызметінің негізгі бағыттарымен және мемлекеттік аудиторлардың функцияларымен танысты.

Студенттер үшін таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылып, оларға мемлекеттік қызметтің ерекшелігі, кәсіби этикаға қойылатын талаптар, парасаттылық пен жауапкершілік қағидаттары туралы айтылды.

Ашық есік күнінің соңында «сұрақ – жауап» форматында ашық диалог өтті. Студенттер мемлекеттік қызметке кіру тәртібіне, практикадан өтуге және Жоғары аудиторлық палатада мансаптық өсу перспективаларына қатысты сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Мұндай іс-шараларды өткізу Жоғары аудиторлық палатаның жастармен өзара іс-қимылын нығайтуға, мемлекеттік қызметтің беделін және мемлекеттік аудиторлар мәртебесін арттыруға ықпал етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/1225169?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version