Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қызылордадағы № 60 мекемеге барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев мониторингтік сапар аясында Қызылорда қаласында орналасқан аралас қауіпсіздік режиміндегі № 60 мекемеге барды.

Омбудсмен тамақтану сапасымен, медициналық қызмет көрсету жағдайымен танысты.

Сапар барысында Артур Ластаев сотталғандардың камералардағы тұрмыс жағдайларын, шағым беру терминалдарының жұмысын зерделеп, сондай-ақ мекеме аумағында жұмыс істейтін тігін өнімдерін, ағаш өңдеу бұйымдарын және металл конструкцияларын өндіруге маманданған кәсіпорындардың қызметімен танысты.

Мекеме әкімшілігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта 546 сотталған еңбек ететін 21 өндіріс жұмыс істейді. Жаңа жұмыс орындарын ашу үшін бизнес өкілдерін тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, мекеме аумағында электромонтерлерді, дәнекерлеушілерді және өзге де жұмысшы мамандықтарын даярлайтын колледж жұмыс істейді.

Сапар аясында Омбудсмен сотталғандарды жеке қабылдап, олардың амнистия, медициналық қамтамасыз ету, шартты түрде мерзімінен бұрын босату және өзге де мәселелер бойынша сұрақтарына жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1225200?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version