Алматы облысында «Қоғамдық жұмыстар түріндегі әкімшілік жаза тағайындауға байланысты сот шешімдерін орындау: проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында қоғамдық жұмыстар түріндегі әкімшілік жазаны қолдану тәжірибесі, сот шешімдерінің орындалуы және туындайтын мәселелер талқыланды.
Ағымдағы жылдың 4 айында сот органдары қоғамдық жұмыстарға барлығы 132 адамды тартқан. Оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар, ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау, қоғамдық орындарға масаң күйде келу және сот актілерін орындамау фактілері бар.
Қоғамдық жұмыстарға тартылғандардың 126-сы ер адам, 6-уы әйелдер. Бүгінде 61 қаулы толық орындалған.
Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстардан жалтарған 16 адамға қатысты жергілікті атқарушы органдарға хабарламалар жолданды. Жалтарғаны үшін 11 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың 10-ы қамауға алынды, 1 тұлғаға айыппұл салынды.
Дөңгелек үстелде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру және сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1225083?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау