АМАНГЕЛДІ ҒҰБАЙДУЛЛИН: ДАЛАДАН ЕСТІЛГЕН ДАУЫС

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Кеше Сырым ауданында дәстүрлі әнші, термеші, Бүкілодақтық телевизиялық байқаулардың лауреаты Амангелді Ғұбайдуллин атындағы «Амангелді – ақтаңгер, ән дүлдүлі» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті.
Жымпиты сахнасында оздырылған дәстүрлі ән байқауына еліміздің Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Жетісу облыстарынан және Астана, Алматы, Түркістан қалаларынан 34 өнерпаз сынға түсті.
Дәстүрлі әншілердің өнеріне «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Кәкімов, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Ғарифолла Құрманғалиевтің төл шәкірті Бауыржан Сатыбалдин, республикалық Мұхит Мералыұлы және Ғ. Құрманғалиев атындағы әнші-термешілер байқауының лауреаты Асхат Оразов, Амангелді Ғұбайдуллиннің шәкірті, «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Мұсағали Бектенов, Марабай Құлжабай атындағы аймақтық және республикалық ән байқауларының лауреаты, Амангелді Ғұбайдуллиннің бауыры Мұхамбет Мамықов төрелік етті.
Республикалық байқаудың ашылу салтанатында Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Амангелді Ғұбайдуллиннің жары Балсекер Махметоваға құрмет көрсетіп, иығына камзол жапты.
Ұйымдастырушылар байқауға Қазақстанның өнер саласында ресми атағы жоқ, 18–45 жас аралығындағы өнерпаздар қатыса алады деп шарт қойыпты. Ресми атағы әншілерді ысырып, сахнаны аты мен атағы жоқ өнерпаздарға беру – жаңа жұлдызды іздеу жолындағы жорық дер едік. Амангелді де сахарадан табылған сақина, сахна, театр емес, даладан естілген дауыс еді.
Екі сатыдан тұратын сынның іріктеу кезеңінде қатысушылар Мұхиттың кең диапазонды әндерінен бір шығарма, А. Ғұбайдуллиннің репертуарынан бір ән және өз өңірінің халық композиторларынан кең диапазонды бір ән орындаса, ІІ кезеңде Қанапияның «Қанапия» әнін және өз қалауы бойынша бір халық әнін орындауы міндеттелді.
Бағдарламаның қорытынды гала-концертінде Жымпиты халық театрының «Ән қанатында» театрландырылған қойылымы көрсетілді.
Қоңдыкер ЖЕҢІСҰЛЫ�“Сырым елі”

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1224984?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version