Ақмола облысында полицейлер мас мотоциклшіні ұстады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полиция қызметкерлері мотоциклдің өзі ең қауіпті көлік түрлерінің бірі екенін еске салады, ал мас күйінде қос доңғалақты көлікті басқару жол-көлік оқиғалары мен ауыр зардаптардың қаупін бірнеше есе арттырады.
Осындай жағдайлардың бірі Атбасар ауданында орын алды. 20 мамырда сағат 22:00 шамасында “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында учаскелік полиция инспекторлары Сепе ауылында патрульдеу кезінде “Құлагер” маркалы мотоциклді байқады.
Полиция жүргізушіні тоқтатуға тырысқанымен ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын елемей, жолды жалғастырды. Тәртіп сақшылары көлік құралынының ізіне түсуге мәжбүр болды. Көп ұзамай үйлердің бірінің жанында жүргізуші тоқтатылды.
Құжаттарды тексеру кезінде ер адамның 2021 жылы медициналық куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін 8 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Сонымен қатар, тексеру барысында жүргізуші бұл жолы да мас күйінде болғаны анықталды. Медициналық қорытындыға сәйкес, құқық бұзушының орташа мас болу деңгейі тіркелген. Жүргізушіге қатысты қылмыстық бап бойынша жаза қолданылатын болады.
Жылы маусым басталғаннан бері Ақмола облысында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік құралдарын басқарған 50-ге жуық мотоцикл жүргізушілерін анықтады. Полицейлер көктем-жаз кезеңінде мотоциклдердің қатысуымен бұзушылықтар саны артатынын, сонымен қатар көбінесе ауыр жол-көлік оқиғаларына әкеп соққан фактілер де болатынын атап айтады.
Бұл факт бойынша тексеру жүргізілуде. Полиция азаматтарды жол ережелерін қатаң сақтауға және мас күйінде көлік тізгініне отырмауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1225641?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version