Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Мәдениет – қоғамның рухани тірегі, ұлттық дәстүр мен салт-cананың алтын діңгегі. Облысымыздың мәдениет саласында алты жүзден астам мекеме жұмыс істейді. Рухани бірлікті нығайтуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және өңірдің шығармашылық әлеуетін дамытуға «үлгілі» және «халықтық» атағы бар 127 көркемөнерпаздар ұжымы елеулі үлес қосып келеді.

Биыл Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының құрылғанына 30 жыл, Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана мен Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияға 80 жыл толады. Өңір мәдениетінің қара шаңырағына айналған бұл ұйымдар жұртшылықтың мәдени талғамын қалыптастырып, ұлттық өнер мен әдебиеттің өркендеуіне, облысымыздың рухани кемелденуіне баға жетпес үлес қосып келеді.

Мәдени ұжымдарымыз бен өнерпаздарымыздың облыс намысын республикалық және халықаралық сахналарда лайықты қорғап, беделді байқаулар мен фестивальдердің лауреаты атанып жүргені біз үшін ерекше мақтаныш. Бұл жетістіктер – аймақ өнерпаздарының жоғары кәсібилігі мен бай мәдени әлеуетінің жарқын айғағы. Руханият ісіне деген адалдық пен жасампаз еңбектің арқасында ұлтымыздың мәдени мұрасы еселеніп, шығармашылық көкжиегі кеңейді.

Барша өнер саңлақтарына, сала ардагерлеріне, шығармашылық ұжымдарға, кітапханашылар мен музей қызметкерлеріне, саз бен сахна майталмандарына терең алғысымды білдіремін!
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, шалқар шабыт, шығармашылық табыс және ықыласты көрермен тілеймін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1225615?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version