Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Департамент басшылығы мен аумақтық басқармалар қатысқан алқа отырысы онлайн және офлайн форматта өткізілді.
Кіріспе сөзді Департамент басшысы Омарханова С.С. сөйлеп, қызметтің негізгі міндеттері мен басым бағыттарын айқындады.
Отырыста 2026 жылдың I тоқсанының жұмыс қорытындылары қаралды. Негізгі баяндама Департамент басшысының орынбасары Искаков К.Т. тарапынан ұсынылды. Жеткен нәтижелер сараланып, өзекті мәселелер айқындалды және санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың тиімділігін арттыру шаралары белгіленді. Аумақтық басқармалар басшылары өңірлердегі ағымдағы жағдай туралы ақпарат берді.
Косшы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жүргізілген кешенді тексеру нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, оларды жою мерзімдері белгіленді.
Ақмола облысындағы атмосфералық ауаның сапасына қатысты мәселелер қаралып, оның қазіргі жай-күйі мен мониторинг жүргізу және көрсеткіштерді жақсарту бағытындағы жұмыстар туралы мәлімет ұсынылды.
Санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеу жобаларын қарау барысында туындайтын мәселелер талқыланып, негізгі қиындықтар айқындалып, оларды шешу жолдары белгіленді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау және лудоманияның алдын алу мәселелері қаралды. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау мен профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігі атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша қызмет тиімділігін арттыруға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1225602?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау