Ақмола облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының білім беру бағдарламаларын жаңғырту мәселелеріне арналған кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақмола облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Асет Абжақовтың қатысуымен ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026–2027 оқу жылына қабылдау науқанына енгізілген негізгі өзгерістер таныстырылды.
Жиында білім беру үдерісін жаңғырту және жекелеген бағдарламаларды ғылыми-педагогикалық бағытқа көшіру аясында бірқатар магистрлік бағдарламалар бойынша оқу мерзімінің ұзартылғаны айтылды. Атап айтқанда, «MPP – Мемлекеттік саясат», «MIR – Халықаралық қатынастар» және «ME – Экономика» бағдарламалары бойынша оқу ұзақтығы екі жылға дейін ұлғайтылған.
Сонымен қатар «Адами ресурстарды басқару» бағдарламасының стратегиялық деңгейдегі жаңартылған білім беру бағдарламасы ретінде қайта әзірленгені, сондай-ақ кейбір білім беру бағыттары бойынша оқу мерзімдерінің өзгергені хабарланды.
Бұдан бөлек, талапкерлерге қойылатын жаңа талаптар таныстырылып, бірқатар бағдарламаларға түсу үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейін міндетті түрде растау қажеттігі, сондай-ақ мемлекеттік басқару бағдарламасына үміткерлер үшін басқарушылық еңбек өтіліне қойылатын талаптардың күшейтілгені атап өтілді.
Кездесу қорытындысында аталған өзгерістердің мемлекеттік қызметшілерді даярлау сапасын арттыруға, сондай-ақ кадрлық әлеуеттің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге бағытталғаны ерекше атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1225683?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version