Ащыағыр көпірінің құрылысы – тұрғындардың қауіпсіз қатынауын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жоба
Соңғы жылдары көктемгі су тасқыны кезеңінде Ащыағыр көпірін су шайып кету салдарынан Оймауыт, Миялы және Баршақұм елді мекендерімен көлік қатынасы үзіліп, тұрғындардың қатынап-қозғалуына айтарлықтай қиындықтар туындаған болатын.
Осыған байланысты, аталған мәселені жүйелі түрде шешу мақсатында 2024 жылы «Қарауылкелді – Алтай батыр – Миялы – Оймауыт» бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолының 34-шақырымында жаңа көпір салу жобасы әзірленді.
Жобаның жалпы құны 342,7 млн теңгені құрайды. Көпірдің ұзындығы – 29 метр, ені – 12 метр.
2026 жылы жобаға облыстық бюджеттен 330 млн теңге бөлініп, мердігер мекеме ретінде «Lider Invest Group» ЖШС анықталды. Құрылыс жұмыстарының жалпы ұзақтығы 4 ай болып жоспарланған.
Қазіргі таңда нысан басында құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес қарқынды жүргізілуде.
Аудан әкімі Айбек Купенов құрылыс алаңына барып, жоба аясындағы жұмыстардың орындалу барысымен танысты. Сонымен қатар, нысандағы құрылыс сапасы мен жұмыс қарқынын бақылап, жауапты мердігер мекемеге барлық жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Аталған жоба іске асырылғаннан кейін өңірдегі елді мекендердің көлік қатынасы тұрақтанып, тұрғындардың қауіпсіз және үздіксіз қатынауына қолайлы жағдай жасалады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1225601?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау