Ашық есік күні: қауіпсіздік – басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Нарғозы Данаев атындағы орта мектебінің, №25 орта мектебінің және Тұрар Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің оқушыларына арналған «Ашық есік күнін» өткізді. Кездесу барысында мамандар оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, өрттің алдын алу шаралары мен төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету тәртібін таныстырды. Сонымен қатар, жазғы маусымға байланысты судағы қауіпсіздік қағидалары түсіндіріліп, рұқсат етілмеген орындарда шомылудың қауіптілігі туралы айтылды. Оқушыларға құтқарушылардың күнделікті қызметі, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтардың жұмысы көрсетілді. Балалар өрт сөндіру техникаларын жақыннан көріп, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты ақпарат алды. Мұндай танымдық іс-шаралар өскелең ұрпақтың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, құтқарушылар мамандығына қызығушылықтарын оятады.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1225219?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version