Астана қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
21 мамырда сағат 15.00 20.00 аралығында Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен Астана қаласының «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы (Қабанбай батыр даңғылы, 119 үй) және Астана қаласы жағдайында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізу көзделген.
Шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы қызмет органдары күш-құралдарының терроризм қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындығын тексеру болып табылады.
Оқу-жаттығу аясында әуежай аумағында белгілі деңгейде тыйымдар мен жаяу жүру және көлік қозғалыстарына уақытша шектеулер енгізу қарастырылған.
Осыған орай, азаматтарды өтіп жатқан шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырамыз.
 
 
Елордалық терроризмге қарсы
күрес жөніндегі жедел штабы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1225206?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version