Астана қаласының прокуроры «Astana Smart City» орталығының жұмысымен танысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

    «Astana Smart City» орталығы бүгінде қоғамдық қауіпсіздік, қалалық инфрақұрылымды басқару және халықпен өзара іс-қимыл салаларындағы интеллектуалды мониторинг жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін, қалалық сервистердің үйлестірілуін жүзеге асыратын және заманауи технологиялық шешімдерді дамытатын елорданың негізгі цифрлық алаңдарының бірі болып табылады.

     Орталық базасында нақты уақыт режимінде келіп түсетін ақпаратқа талдау жүргізу, азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу, жол жағдайын бақылау, бейнебақылау жүйелерінің және елорда тұрғындарының өмір сүру сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған өзге де цифрлық сервистердің жұмыс істеуі жүзеге асырылады.

     Бүгін орталықтың жұмысымен Астана қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов танысты.

     Сапар барысында оған құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік органдардың ден қою тиімділігін арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында қолданылатын цифрлық платформалардың, талдамалық сервистердің және интеллектуалды жүйелердің мүмкіндіктері таныстырылды.

     Инновациялық IT-шешімдерді енгізу, тәуекелдерді болжау мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ мемлекеттік процестердің ашықтығын арттыру және азаматтардың сенімін нығайту үшін технологияларды пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

     Қала прокуроры заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында цифрлық құралдарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтіп, олардың азаматтар үшін практикалық бағыттылығы мен тиімділігіне назар аударды.

     Кездесу қорытындысы бойынша ақпараттық жүйелердің ведомствоаралық интеграциясын күшейту, орталықтың талдамалық мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және алдын алуға мүмкіндік беретін технологияларды одан әрі енгізу бойынша ұсынымдар берілді.

     Астана қаласының прокуратурасы құқықтық тәртіпті нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи цифрлық шешімдерді қолдау бойынша жұмысты жалғастырады.

Астана қаласының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1225213?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version