Астрахан ауданының прокуратурасы «Прокурор сағаты» атты іс-шарасын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Прокуратурой Астраханского района в рамках проекта «Час прокурора» проведено профилактическое мероприятие по предупреждению правонарушений среди несовершеннолетних

Астрахан ауданының прокуратурасы «Прокурор сағаты» жобасы аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шараға полиция органдарының қызметкерлері, білім беру ұйымдарының өкілдері, мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандарға олардың құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік шаралары, интернет-алаяқтықтан қорғану тәсілдері, дропперліктің құқықтық салдары, қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс ережелері, сондай-ақ жол қозғалысына қатысу кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында интерактивті викториналар мен түсіндіру әңгімелері ұйымдастырылды. Оқушылар мен студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты жауаптар берілді.

Жүргізіліп жатқан жұмыс жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға және олардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1225386?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version