Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті мәдениет және өнер саласының ардагерлері мен қызметкерлері! Баршаңызды 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мәдениет пен өнер – ұлттың рухани тірегі, халықтың болмысын айшықтайтын асыл құндылық. Сіздер ұлттық мұрамызды ұлықтап, төл өнерімізді дәріптеу жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Шығармашылық табыстарыңыз арқылы ел руханиятының дамуына зор үлес қосып, жас ұрпаққа өнеге көрсетіп жүрсіздер. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы мәдениет пен өнер саласының ел болашағы үшін айрықша маңызға ие екенін әрдайым атап келеді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, халқымыздың рухани байлығын арттыру жолындағы сіздердің еңбектеріңіз – қоғам үшін аса қадірлі. Сіздер ауданның әлеуетін арттыруда халықты өрелі өнермен сусындатып, рухани байлықты толықтыруға және игі дәстүрлерді жалғастыруда аянбай еңбек атқарып келесіздер. Осынау айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығын, шығармашылық шабыт пен толайым табыс тілеймін! Ел мәдениетін өркендету жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын!

Құрметпен аудан әкімі, Берік Сәрменбаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1225741?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version