Аудандық мәслихат депутаты өз сайлау округі бойынша тұрғындармен және әр түрлі сала қызметкерлерімен кездесіп қайтты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Катонқарағай аудандық мәслихатының депутаты А.Қ.Байғонысов өзекті мәселелер мен елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылау мақсатында Қайыңды, Жұлдыз және Аққайнар ауылдарындағы мектеп ұжымымен, медицина қызметкерлерімен және ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тұрғындар жолдардың жағдайы, ауыз су мәселесі, абаттандыру жұмыстары, халықты әлеуметтік қолдау, сондай-ақ ауыл инфрақұрылымын дамыту мәселелерін көтерді. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты өтініштері мен ұсыныстарына ерекше назар аударылды.

Депутат көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынып, жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп қарастырылатынын атап өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/katon-maslihat/press/news/details/1225117?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version