Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLI сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Сәлімгерей Сиражевтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLI сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және мекеме басшылары қатысты.

Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды:

  1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы №38-1 «2026-2028 жылдарға арналған Ақжайық ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы №25-1 «Ақжайық аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын құрамын сайлау туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 15 сәуірдегі  №14-6 «Ақжайық аудандық мәслихат аппараты»мемлекеттік мекемесі Ережесін бекіту туралы»шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

Сессия барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылып, әрбір мәселе жан-жақты талқыланды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akzhaik-maslihat/press/news/details/1225133?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version