Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Әлиев кезекті азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. Кездесу онлайн және офлайн аралас форматта өтті.
Вице-министрмен кездесуге Алматы қаласының тұрғыны М.Жаркенов қатысты. Өз сөзінде Алматы қаласының экологиялық ахуалы бойынша мәселені көтерді.
Өтініш беруші Қостанай облысының тұрғыны Е. Бисенов жеке қабылдау кезінде пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге қатысты сұрақтарына толықтай жауап алды.
Сонымен қатар, жеке қабылдау барысында экологияның негізгі салаларының дамуын дайындау және болжау, Қазақстан Республикасындағы экологияа мен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша және тағы да басқа сұрақтар қаралды.
Қабылдау барысында вице-министр келіп түскен барлық сұрақтарға толық жауап берді. Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер жеке бақылауына алынды. Айтылған мәселелерді жедел шешу үшін Министрліктің құзыретті комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, азаматтарды жеке қабылдау Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйінің 16 кіреберісінде орналасқан азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығын жүргізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1225368?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау