Мектеп қабырғасында қауіпсіздік бойынша жиналыс өткізілді. Іс-шараға 200-ге жуық ата-ана мен мектеп қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында жаз мезгілінде балалардың судағы, жолдағы, өрт және тұрмыстық қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау жөнінде ұсыныстар берілді. Жиналыс барысында қатысушылар өз пікірлерімен алмасып, өзекті сұрақтарға жауап алды.
Кездесу аясында М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу тәртібі мен оқу мүмкіндіктері туралы да ақпараттар берілді. Қатысушыларға академияда білім алу артықшылықтары, мамандықтар және оқуға қабылдау талаптары түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1225591?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау