Бақылау-касса машинасын қолдану жөніндегі жалпы ережелер

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Егер 110 бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар деректерді тіркеп-белгілеу жəне (немесе) беру функциясы бар, модельдері кассалық машиналар тізіліміне енгізілген бақылау-касса машинасы міндетті түрде қолданылып жүргізіледі.
 
Бақылау-касса машинасын қолданудан:
 
-жеке тұлға;
 
-жеке сот орындаушысы, адвокат жəне кəсіби медиатор;
 
-қалалық қоғамдық көлікте билеттер бере отырып, тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі тұлға босатылады.
 
Қоғамдық қалалық көлік билеттерінің нысанын уəкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік орган бекітеді;
 
-Ұлттық Банк;
 
-екінші деңгейдегі банк;
 
-діни бірлестік;
 
-ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда, Ұлттық пошта операторы;
 
-арнаулы мобильді қосымша арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлға босатылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1225189?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version