Басқарма басшысы ауылдық медпункттердегі жөндеу сапасын тексерді
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жуалы ауданына жұмыс сапары барысында жолай Қызыларық және Түктібай ауылдарында орналасқан медициналық пункттерге барып, онда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу (капиталды жөндеу) жұмыстарының барысымен танысты.
Сапар барысында аталған нысандарда атқарылып жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы, материалдардың талапқа сәйкестігі және жөндеу жұмыстарының бекітілген кестеге сай орындалуы тексерілді. Сонымен қатар мердігер мекемелердің жауапкершілігі мен жұмыс қарқынына қатысты мәселелер назарға алынды.
Басқарма басшысы жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді, анықталған кемшіліктерді жедел түрде жоюды және нысандарды белгіленген мерзімде толық пайдалануға беруді тапсырды. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1225006?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау