Білім беру ұйымдарында қауіпсіз ауызсу режимін қамтамасыз ету – балалар денсаулығын сақтаудың негізгі шарты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті білім беру ұйымдарында ауызсу режимін сақтау міндетті талап екенін хабарлайды.
Ұсынылатын тәуліктік су тұтыну мөлшері:
* 7–10 жастағы балалар үшін – 1,5–2 литр (сусындар мен сұйық тағамдарды есептемегенде);
* 12 жастан бастап – тәулігіне 2,2 литрге дейін.
Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіз ауызсуға еркін қолжетімділігі қамтамасыз етілуі тиіс. Ауызсумен қамтудың негізгі түрлері:
* құтыдағы (бутилирленген) ауызсу;
* бір реттік ыдыстармен жабдықталған кулерлер;
* асханаларда қайнатылған су ұсыну.
Пайдаланылатын су сапа мен қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келіп, тиісті растайтын құжаттарға ие болуы қажет. Ауызсу режимін ұйымдастыру үшін ұйым басшысының бұйрығымен жауапты тұлға тағайындалады.
Сапасыз суды тұтыну жұқпалы ауруларға, қалқанша безі қызметінің бұзылуына, тері мен тіс жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін.
Білім беру ұйымдарында судың сапасына тұрақты зертханалық бақылау жүргізіледі. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жолы – талаптарға сай құтыдағы ауызсуды пайдалану.
Ауызсу режимін сақтау – балалар денсаулығын қорғаудың маңызды кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1225650?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version