Брюссельдегі кездесуде аса маңызды шикізат материалдары саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайындық расталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Брюссель, 2026 жылғы 20 мамыр – ЕО-ның Шикізат материалдары жөніндегі саммиті аясында бүгін Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ жанындағы Елшісі Роман Василенко Еуропалық Комиссияның Ішкі нарық, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және шағын және орта бизнес жөніндегі Бас директорының орынбасары Валер Мутарльемен кездесу өткізді.

Тараптар 2022 жылғы тиісті меморандум аясында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы аса маңызды шикізат материалдары, өнеркәсіптік кооперация және орнықты жеткізу тізбектері салаларындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету перспективаларын талқылады. В. Мутарлье Еуропалық Одақ үшін минералдық ресурстар саласында зор әлеуетке ие Қазақстанмен сенімді, әрі сындарлы әріптес ретінде ынтымақтастықты дамыту маңызды екенін атап өтті. Тараптар өзара құрмет пен сенімге негізделген Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тиімді іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ортақ мүдделілігін растады.

Тараптар бірлескен бастамаларды практикалық тұрғыдан жедел іске асырудың, өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдірудің, сондай-ақ жеке сектордың қатысуы мен инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, алдағы уақытта түрлі деңгейлерде өтетін бірлескен іс-шараларға дайындық мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өнеркәсіптік әріптестікті кеңейтуге, жоғары қосылған құны бар жобаларды дамытуға және «Global Gateway» бастамасы аясындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жұмыс байланыстары мен бірлескен күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1224847?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version