2026 жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Қостанай облысы Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасының бас криминалисті, полиция майоры А. Алимхановтың және аға криминалист, полиция майоры М. Темирбаеваның қатысуымен «Процестік дайындығы» пәні шеңберінде «Іздер ақпараты және оны қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу кезінде пайдалану» тақырыбы бойынша алғашқы кәсіби даярлық курсының 1 және 12 оқу топтарының тыңдаушыларына тәжірибелік сабақ өткізілді.
Тәжірибелік сабақ барысында қызметкерлер тыңдаушыларды дәлелдемелерді іздеу кезеңінен бастап қолданылатын криминалистикалық техникалармен таныстырып, әртүрлі іздерді алу әдістерін көрсетіп, түсіндірді.
Тыңдаушылар үлкен қызығушылық танытып, қойылған сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды. Бұл сабақ болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге және теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға зор ықпал етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kostanay/press/news/details/1225635?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау