Аудандық мәслихат депутаты Бекенов К.Ж. Афонькино ауылының тұрғындарымен депутаттық корпустың атқарған жұмыстары бойынша есептік кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудандық мәслихаттың есепті кезеңдегі негізгі қызмет бағыттары жан-жақты баяндалып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақтарды абаттандыру, жол инфрақұрылымының жай-күйі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері, сондай-ақ әлеуметтік саланы қолдау бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар депутат халықпен өзара іс-қимыл жасау, азаматтардың өтініштерін қарау және тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер бойынша қабылданған шешімдерге ерекше тоқталды. Ашық диалогтың маңыздылығын атап өткен депутат тұрғындардан келіп түскен барлық ұсыныстар мен өтініштердің депутаттық корпустың тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдіріп, алдағы уақытта шешуді қажет ететін мәселелерді көтерді. Кездесу қорытындысы бойынша халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және ауылдық округті одан әрі дамытуға бағытталған бірлескен жұмыстың басым бағыттары айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mamlyut/press/news/details/1225584?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау