e-Өтініш жүйесіне 5 жыл: мемлекетпен байланыс бір батырмамен

Жарияланды:

Автор:

категорияда

e-Өтініш жүйесіне 5 жыл: мемлекетпен байланыс бір батырмамен!

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі құралы – e-Өтініш платформасына 5 жыл толды. Бұл жай ғана сервис емес, азаматтар мен мемлекет арасындағы ашық диалог алаңына айналды.
Бес жылдағы басты нәтижелер:
16,2 млн-нан астам өтініш өңделді;
3,2 млн тұрақты пайдаланушы;
26 мың ұйым бір жүйеге біріктірілді;
Өтініш мәртебесін онлайн бақылау және жауап сапасын бағалау мүмкіндігі бар.

Ендігі кезекте – ЖИ технологияларын енгізу. Бұл өтініштерді өңдеуді жеделдетіп, мемлекеттік қызметтердің сапасын жаңа деңгейге көтереді.

Бүгінде өтініш беру үшін ешқайда барудың қажеті жоқ – бәрі eOtinish.kz, eGov Mobile қосымшалары немесе ХҚКО мен “Нәтиже” орталықтары арқылы қолжетімді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1225438?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version