Елтай ауылында ардагерлер мен оқушылар арасында кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

2026 жылдың 21 мамыр күні Елтай орта мектебінде Ардагерлер ұйымының мүшелері мен мектеп оқушылары арасында тағылымды кездесу жиыны өтті.

Іс-шара барысында ардагерлер өскелең ұрпаққа ақыл-кеңестерін айтып, жастарды уақыттарын тиімді пайдалануға, білім мен спортқа құштар болуға шақырды. Сонымен қатар, оқушыларға тәртіп пен жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндіріп, ел болашағы білімді де тәрбиелі жастардың қолында екенін атап өтті.

Кездесу аясында биылғы 11-сынып түлектеріне ақ жол тілеп, алдағы өмір жолдарына сәттілік тіледі. Ардагерлер түлектерге өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, үлкен өмірде биік белестерді бағындыруларына тілектестік танытты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/1225471?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version