Алматыда өткен GITEX AI Kazakhstan аясында Жаслан Мадиевтің қатысуымен мазмұнды әрі қарқынды жұмыс бағдарламасы жүзеге асты.
Мемлекет басшысының және халықаралық сарапшылардың қатысуымен ЖИ-ді дамыту жөніндегі кеңес отырысы өтті. Негізгі назар — талқылаудан нақты енгізу кезеңіне көшу.
Presight компаниясымен ЖИ инфрақұрылымын дамытуға бағытталған Деректерді өңдеу орталықтары алқабы бойынша келісімге қол қойылды. Бұл шешім жасанды интеллектіні ауқымды түрде дамытуға қажетті базаны қалыптастырады.
Сондай-ақ Presight, Huawei, MBZUAI, Meta сияқты халықаралық технологиялық компаниялар және инвесторлармен бірқатар кездесулер өтіп, жаңа цифрлық өнімдер мен даму тәсілдері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1225449?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау