«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына, 17-бабына сәйкес Т.Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы «Арай» шағынауданы аумағынан №526 (бес жүз жиырма алты) сайлау учаскісінің құрылуына байланысты, аудандық сайлау комиссиясы айқындаған сандық құрамға сәйкес 5(бес) комиссия мүшелігіне бір орынға бір кандидаттан өз кандидатураларыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.
Сіздер өз тараптарыңыздан 2026 жылдың маусым айының 19-на дейін жоғарыдағы аталған учаскелік сайлау комиссиясына өз кандидаттарыңыздың тізімі мен қажетті құжаттарын ұсына аласыздар. Атап айтқанда:
- Кандидатты тиісті сайлау комиссиясының құрамына ұсыну туралы саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органдары отырысының хаттамасынан үзінді.
- Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарына тіркелгендігі туралы құжаттардың көшірмесін.
- Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші қоса жіберіледі.
Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты аппаратының мекен-жайы: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі № 75. Байланыс телефондары 2-12-23, 2-12-76. Электрондық почта: E–mail: masl.t.ryskulova@mail.ru.
Мәслихат аппараты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-ryskulov/press/news/details/1225700?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау