21 мамырда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі төрағасының орынбасары Ж.Асанов Мәдени мұраны қорғау жөніндегі дүниежүзілік альянстің (ALIPH) атқарушы директоры В.Фреланмен оның Қазақстандағы сапары аясында кездесті. Кездесу өзара танысу сипатында өтті.
Әңігме кезінде тараптар өз жұмыстарының негізгі бағыттары туралы айтты. KazAID өкілдері ALIPH-ке агенттіктің 2026 жылдағы жұмысы жайлы, сондай-ақ, әріптес елдермен және басқа да шетелдік халықаралық даму агенттіктерімен әрекеттестіктер туралы баяндап берді.
Ж.Асанов су ресурстарын басқару мен азық-түлік қауіпсіздігі аймақ елдерін толғандырып отырғаны жайлы айтты.
Тараптар бірлескен іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыруды қарастыруға келісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1225733?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау