«Keden» ақпараттық жүйесінде «Тауарларға арналған декларация» модулі табысты жұмыс істеуде. Бұл функционал цифрландыруға, кедендік рәсімдерді оңайлатуға және құжаттамамен жұмыс істеудің ашықтығын арттыруға бағытталған.
Модульдің негізгі мүмкіндіктері:
– VIN-код бойынша көлік құралдарының кедендік тазартудан өту фактісін қарау функциясы іске асырылды. Тексеру тауарларға арналған декларацияны, сондай-ақ жолаушылардың кедендік декларациясын қолдана отырып ресімделген автомобильдер үшін қолжетімді.
– Лауазымды тұлғалар мен уақытша сақтау қоймаларының (УСҚ) иелері кедендік декларациялардың мәртебелерін жедел түрде салыстырып тексеріп, тиісті құжаттардың қозғалысын қадағалай алады.
– Тауарларға арналған декларацияны басып шығарған кезде құжатта QR-код қалыптасады. Оның көмегімен кез келген мобильді құрылғыдан декларацияның өзекті мәртебесін лезде тексеруге болады.
Пайдаланушыларға кешенді ыңғайлылық жасау үшін «Keden» жүйесінде маңызды дерекқорлар мен тізілімдерге бірыңғай қолжетімділік қамтамасыз етілген:
– Арнайы экономикалық (АЭА) және индустриялық аймақтардың тізілімдері.
– Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізілімі.
– Зияткерлік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімі.
– Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің тізілімі.
– Құжаттар мен лицензиялардың бірыңғай базасы.
– Сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың және техникалық реттеу саласындағы аккредиттеу субъектілерінің тізілімі.
– Мемлекеттік кірістер органдары қалыптастыратын кедендік тізілімдер.
«Keden» АЖ-ның жаңартылған функционалы сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушыларына құжаттарды және кедендік тазарту мәртебесін тексеруге кететін уақытты айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.
Павлодар облысы бойынша МКД Кедендік әкімшілендіру басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1224242?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау