Көркем еңбек пәні мұғалімдерінің облыстық қауымдастығының отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 21 мамырында көркем еңбек пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуын қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін арттыру және көркем еңбек пәні бойынша білім сапасын көтеру мақсатында көркем еңбек пәні мұғалімдерінің облыстық (онлайн) қауымдастығының 2-ші отырысын өткізді.

Отырысқа аудандық, қалалық қауымдастықтың төрағалары және көркем еңбек пәні мұғалімдері қатысты.

Отырыс барысында қауымдастықтың оқу жылы көлемінде атқарылған жұмыстар барысы жайлы айтылып, 2026-2027 оқу жылының жұмыс жоспарын жасау бойынша ұсыныстар қарастырылды.

Отырыста жоспар бойынша «Сабақ барысында заманауи құралдар мен ұлттық құндылықтардың ұштасуы» тақырыбында ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебі» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі Қызырханова Аяулы Бақытбекқызы және «От идеи до готового изделия: организация проектной деятельности на уроках художественного труда» тақырыбында ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі Васильева Елена Викторовна тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ Астана қаласының Ы. Алтынсарина атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің көркем еңбек мектеп мұғалімі, педагогикалық ғылымдар магистрі, «Алматы кітап» баспасынан шыққан 8-сынып оқушыларына арналған «Көркем еңбек» оқулығының (қыз балаларға арналған нұсқасының) авторы Тунгишбаева Жанар Бауыржановна оқулығымен таныстырды.

Спикерлер тақырыпқа сай, мазмұнды іс-тәжірибелер көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1225358?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version