Сеул, 2026 жылғы 19 мамыр – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Hyundai Motor Group компаниясының атқарушы вице-президенті Ильбом Киммен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, іскерлік байланыстарды нығайту, өнеркәсіптік және технологиялық кооперацияны кеңейту, сондай-ақ өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын айқындау мәселелері бойынша пікір алмасты.
Қазақстандық дипломат Қазақстан мен Оңтүстік арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтіп, қазақстандық тараптың жетекші кореялық компаниялармен өзара іс-қимылды кеңейтуге және перспективалы бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін жеткізді.
Қазақстан Президентінің Корея Республикасына алдағы мемлекеттік сапары және алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» Саммиті аясында екі елдің кәсіпорындары үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша жұмысты жалғастыруға және диалогты дамытуға дайын екендерін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1225809?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау