Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасында кеңес өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеңесте Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 13 мамырдағы №7 «Қазақстан Республикасында 14–17 жас аралығындағы (қоса алғанда) қыздарға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қосымша вакцинация жүргізу туралы» қаулысы талқыланды.

Іс-шараны Департамент басшысының орынбасары Куркинбаева Гүлнар Өтебайқызы ашып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияның маңыздылығына тоқталып, жатыр мойны обырының алдын алудағы екпенің тиімділігін атап өтті.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Шорбасова Г.С. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 13 мамырдағы №7 қаулысы аясында 14–17 жас аралығындағы қыздарға жүргізілетін қосымша вакцинация жұмыстары туралы баяндама жасады.

Кеңес барысында облыстық онкологиялық диспансердің дәрігер гинекологы А. Ілес «Жатыр мойны обыры бойынша эпидемиологиялық ахуал. Екпенің маңыздылығы» тақырыбында баяндама жасап, аурудың алдын алуда вакцинацияның рөліне кеңінен тоқталды.

Кеңес соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті мамандар толыққанды жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1225710?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version