«Математикалық регата» олимпиадасы: Қостанайлық ұстаздар – республика төрінде!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 27-28 сәуір күндері Алматы қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.
Аталған додада Қостанай облысы білім басқармасының намысын 4 білікті педагог қорғады:
Белицкая Ирина Ивановна – Қостанай қаласы, М. Горький атындағы гимназия;
Кобзарь Ирина Николаевна – Меңдіқара ауданының жалпы білім беретін мектебі;
Тажахметова Асель Насильбековна – Қарасу ауданы, Қалмырза жалпы білім беретін мектебі;
Қарымсакова Жаныл Серикбаевна – Науырзым ауданы, Науырзым жалпы білім беретін мектебі.
Күрделі де тартысты өткен интеллектуалдық сайыс нәтижесінде Қостанай облысының командасы жүлделі 3-орынды иеленді.
Әріптестерімізді кәсіби биік белестерімен және лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Өңір мерейін үстем еткен ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1225407?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау