Бейнеконференция өткізілді
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру мақсатында Басқарманың мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және дербес деректерді бақылау бөлімінің басшысы Ералиева Айсана Максутовна және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Кабдрашов Айбар Сырымұлының қатысуымен ішкі бақылау және тоқсандық есепке қатысты бейнеконференция өткізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі бақылау тетіктерін күшейту мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, тоқсандық есеп нәтижелері талданып, анықталған кемшіліктерді жою және алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Бейнеконференцияға қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1225436?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау