Мерейлі отбасы — 2026 байқауына өтінім қабылдау басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті аудан тұрғындары!

 

Бөрлі аудан әкімдігі «Мерейлі отбасы-2026» ұлттық конкурсының аудандық туры өтетіндігін хабарлайды.

«Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа қатысуға отбасы мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап 1 ай мерзім ішінде, қағаз немесе электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);

7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

8)қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;

9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түп нұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.

 

Құжаттар 15 мамыр-15 маусым аралығында мына мекен жай бойынша қабылданады:

Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 99 үй, 104 кабинет.

 

«Бөрлі ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ

Анықтама телефоны: 8 (71133) 2-01-42

 

 

 

«Бөрлі ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-burlin/press/news/details/1225447?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version